Атыраудағы шағынаудандардың бірінде екі апта ыстық су болмайды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағынауданындағы тұрғын үйлерде екі апта ыстық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Мұнайлы шаһардағы жаңа шағынауданның бірі – «Нұрсая». Кейінгі жылдары мұнда көпқабатты тұрғын үйлермен бірге, жеке иеліктегі баспаналар қатары да көбейді.

Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусымнан бастап аталған шағынаудандағы тұрғын үйлерге ыстық су беру уақытша тоқтайды. Тұрғындар 26 маусымға дейін ыстық сусыз отырады.

Мұны «Атырау жылу желілері» АҚ-ның басшылары жоспарлы жөндеу, тексеру жұмыстарымен байланыстырып отыр.

«Күрделі жөндеу жоспарына сәйкес жылу беру пункттерінің жабдықтарын тексеру жүргізіледі. Соған байланысты 12 маусымнан 26 маусымға дейін «Нұрсая» шағынауданында жекелеген мекенжайларда ыстық су беру уақытша тоқтатылады», -деп мәлім етті кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, шағынаудандағы төрт жылу пунктінде жөндеу, тексеру жүргізу жоспарланған. Сол себептен, №1 жылу пунктінен №80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95,96, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, Т.Жұмағалиев көшесіндегі 14, 21, 25, 25а;

№2 жылу пунктінен №1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24,

25, 26, 27, 28, 29;

№3 жылу пунктінен №55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67 ,68, 69, 70;

№4 жылу пунктінен №112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121 мекенжайларына ыстық су беру берілмейді.

Сондай-ақ, ЭРТС-3 магистралінен Т.Жұмағалиев көшесіндегі №14, 15 және Нарембаев көшесінде орналасқан 17/1-5/ мекенжайында ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Еске сала кетелік, Атыраудың бірнеше шағынауданында 5 күн ыстық су болмайтынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар