Атыраудағы жалған лаңкес 29 жастағы қала азаматы болып шықты
АТЫРАУ. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Атырау облыстық ІІД-нің қызметкерлері болуы мүмкін лаңкестік актісі туралы жалған хабарлама беру күдігімен 29 жастағы Атырау азаматын ұстады.
9 тамыз күні полиция органдарына «НефтеСтройСервис» компаниясының кеңсесіне жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тексерістен кейін бұл хабарламаның жалған болып шыққаны анықталды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, ұсталған Атырау тұрғыны «НефтеСтройСервис» ЖШС кеңсесіне жақын жерде тұрады. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 242 бабымен («Лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлама») қылмыстық іс қозғалды.