Атырауға әлемнің 5 мемлекетінен муайтай шеберлері келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қыркүйекте барлық жекпе-жек өнерінің жанкүйерлерін ұмытылмас  жекпе-жек күтеді. Атырауда муайтайдан қазақстандық ғалым Әмен Аманқұлов атындағы халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі.
None
None

Турнирде қазақстандық  муайтай шеберлері Бразилия, Тайланд, Ресей, Австрия және Оңтүстік Африкадан келген қарсыластармен күш сынасады. Қарсыластардың барлығы дерлік өз мемлекеттерінің кәсіби деңгейдегі спортшылары. Сондықтан, атыраулықтар тартысты сайыстың куәгері болады.

Сайыс Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Елухан» Қазақстан Республикасы Муайтай федерациясы және Муайтай федерациясының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткелі отыр.

Турнир жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18:00-де  Мұз айдыны сарайында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар