Атыраулық базардан алған екі балық үшін 1 млн-ға жуық айыппұл төлейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласындағы «Дина» базарынан заңсыз ауланған жалпы салмағы 11,2 килограмм болатын 2 дана шоқыр тұқымдас балығын сатып алған Атырау облысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметінен.

 Атыраулық базардан алған екі балық үшін 1 млн-ға жуық айыппұл төлейтін болды

Балықты жеке көлігіне салып алып, Астрахань қаласына кетіп бара жатқанында оны «Құрманғазы» бекетінің шекарашылары ұстады. Құрманғазы аудандық сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 339-бабымен кінәлі деп танылып, оған 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 926 000 теңге айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.