Атыраулық прокурорлар адамдарға жарты миллиард теңге қаржысын қайтаруға көмектесті

АТЫРАУ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 2010 жылы Атырау облысында прокуратура органдары 8 200 азаматқа жұмыс берушілерден жалақы қарыздарын өтеп алуға көмектесті.

Атыраулық прокурорлар адамдарға жарты миллиард теңге қаржысын қайтаруға көмектесті

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Светлана Жұмашева хабарлағандай, барлығы өткен жыл ішінде жауапсыз жұмыс берушілерден адамдардың пайдасына 499 миллионға жуық ақша өндіріліп алынды. «Осы соманың үштен бірін жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне бірнеше жыл қатарынан төлемей келген», - деп атап өтті С.Жұмашева.