Атыраулық тұрғын 1896 жылы шығарылған неміс қаруын тапсырды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық тұрғын акция барысында 1896 жылы шығарылған немістің атыс қаруын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының полиция басқармасы әкімшілік полиция бөліміне 1988 жылы туған азамат 1896 жылғы Mauser C96 неміс тапаншасын тапсырған.

Mauser C96 - 1896 жылы Германияда жасалынған өздігінен оқталатын тапанша. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайдаланылған атыс қару ретінде тарихта қалған.

«Mauser C96 тапаншасын тапсырған азамат бұл қаруды бір жыл бұрын Исатай ауданында мал бағып жүргенде құм арасынан тауып алған. Қазіргі таңда қаруды тапсырған азаматқа мемлекет тарапынан 100 АЕК көлемінде сыйақы берілді»,- дейді Атырау қаласының ПБ әкімшілік полиция бөлімінің азаматтық қызмет қару айналымы бақылау тобының аға инспекторы Ренат Сисенов.


Соңғы жаңалықтар
telegram