Атыраулықтар #ДауысБер онлайн эстафетасына «әуеден» қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Онлайн эстафета өткізудің бастамашысы - «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының мүшелері дәл осындай ерекше тәсіл арқылы азаматтардың өзара ұжымдасуына, өз дауысы арқылы азаматтық ұстанымын білдіруге деген ынтасын ояту мақсатын көздеп отыр.
None
None

17 наурызда Оралдан басталған эстафета одан әрі Ақтөбеге, әрі қарай бүкіл Қазақстан бойынша жалғасты. Эстафета Астанада да болып, шараны Петропавл, Ақтөбе, Талдықорған, Қостанай, Қостанай жастары іліп әкетіп, қазір ол еліміздің әр түкпірінде жалғасын тауып жатыр. Онлайн эстафетаға әркім қатыса алады. Ол үшін мобильді телефонның көмегімен қысқаша бейнежазба жазылуы шарт: «Амансыздар ма?. Мен (өзін таныстыру). Менің дауысым бар. Ал сенің ше? Эстафетаны (кімге?) жолдаймын». Бұдан соң жазба әлеуметтік желілерде #ДауысБер тэгімен жариялануға тиіс, деп хабарлайды «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының медиадиректоры Қанат Әуесбай.

Жалпыхалықтық сипат алған эстафетадан «Қазақстан-2050» қозғалысының атыраулық өкілдері де қалыс қалмады. Олар халықты 26 сәуірде өтетін ҚР Президенті сайлауына қатысуға шақыруды әуеден түсіретін бейнекамераға жазып, әлеуметтік желілерде жариялады.

Соңғы жаңалықтар