Атыс барысында жарақаттанғандардың жағдайы тұрақты - Ақтөбе

None
None
АҚТӨБЕ. 26 маусым. ҚазАқпарат - Жедел медициналық көмек ауруханасында өткен сенбі күні Ақтөбе қаласында болған атыс барысында жарақаттанған екі адам жатыр.

23 маусым күні ауруханаға оқиға орнынан жарақат алған үш адам: 16 жастағы күдікті мен екі полиция қызметкері жеткізілді.

Полицейлердің бірі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Астанаға жіберілді, себебі, ол іссапарға елордадан келген болатын.

Екінші полицей, облыстық ІІД-нің шұғыл әрекет ету арнайы жасағының 30 жастағы қызметкері мен 16 жасар күдікті дәрігерлердің қарауында.

Аурухананың бас дәрігері Сәубет Келімбердиевтің айтуынша, жарақат алғандардың өмірлеріне қазір қауіп жоқ, олардың жағдайы - қанағаттанарлық.

Науқастардың палаталары күзетілуде, туыстарының келуін тәртіп сақшылары қадағалап отыруда.

Соңғы жаңалықтар