Ауа райына байланысты бірқатар облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол бірқатар облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады. 

метель, буран, зима, закрыта дорога, боран, қыс, жол жабық
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Павлодар облысы

17 каңтар сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынмен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар - РФ шекарасы (Үрлітөбе ө/п)» автожолының 426-587 шақырым аралығы (Кенжекөл ауылы- Абай облысы шекарасы)

«Астана-Шидерти-Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ ө/п)» автожолының 200–415 шақырым аралығы (Атамекен ауылы- Ақмола шекарасына);

«Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысы шекарасы- Шідерті ауылы);

«Қарағанды-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының 0-231 шақырым аралығы(Қарағанды облысы шекарасы- Қалқаман ауылы);

«Атамекен–Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов» автожолының 0-220 шақырым аралығы (Атамекен ауылы- Абай облысы шекарасы);

«Атамекен–Ертіс-РФ шекарасы (Амангелді ө/п)» автожолының 0-263,78 шақырым аралығы (Атамекен ауылы- РФ шекарасы);

«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар - РФ шекарасы (Үрлітөбе ө/п)» автожолының 191-390 шақырым аралығы (Мичурин ауылы- РФ шекарасы);

«Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы (Шарбақты ө/п )» автожолының 0–112 шақырым аралығы (Павлодар қаласы- РФ шекарасы);

«Астана-Шидерти-Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ ө/п)» автожолының 0-152 шақырым аралығы (Павлодар қаласы- РФ шекарасы).

Абай облысы

17 қаңтар сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді:

«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау –Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587-733, 756-906 шақырым аралығы (Павлодар облысы шекарасы – Семей қаласы – Қалбатау қаласы);

«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау –Семей – Павлодар –РФ шекарасы» автожолының 1004-1103 шақырым аралығы (Көкпекті ауылы – ШҚО шекарасы);

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 778-1013 шақырым аралығы (Аягөз қаласы – ШҚО шекарасы);

«Өскемен – Семей» автожолының 103 -198 шақырым аралығы, (ШҚО шекарасы – Семей қаласы);

«Семей – Қайнар» автожолының 8-284 шақырым аралығы (Семей қаласы – «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолына дейін);

«Семей – Қайнар» автожолының 2-113 шақырым аралығы (Семей қаласы- РФ шекарасы);

«Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолының 320-941 шақырым аралығы, (Қарағанды облысы шекарасы – Боғас ауылы)

Қарағанды облысы

17 қаңтар сағат 19:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді:

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерты» автожолының 1066-1135 шақырым аралығы (Молодёжный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін);

«Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейін);

«Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолының 217-320 шақырым аралығы (Қарқаралы қаласы – Абай облысының шекарасы).

Жетісу облысы

17 қаңтар сағат 19:00-де Жетісу облысында ауа райының бұзылуына"Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы" автожолының 561-615 шақырым аралығындағы учаскесінде (Үшарал қаласынан Абай облысы шекарасына дейін) жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысы

17 қаңтар сағат 19:00-де Ақмола облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолдарды 2026 жылғы 18 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетелік Алматыда 15 сантиметрден астам қар жауған еді

Соңғы жаңалықтар