Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

8 ақпан сағат 15:00–де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

 Батыс Қазақстан облысы

 — «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 393-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).

Ақтөбе облысы

  — «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526-702 шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін).

Жолды 9 ақпан сағат 00:00–де ашу жоспарланған.

Айта кетелік 8 ақпанда жолдағы ахуал қандай екенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар