Ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты үш өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелді
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

22 ақпан сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:

Қостанай облысы:

– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, км 252 – 377 (Ұлытау облысының шекарасынан – Арқалық қаласына дейін);

– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, км 340 – 377 (Арқалық қаласынан – Ақмола облысының шекарасына дейін);

Ұлытау облысы:

– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, км 137 – 252 (Ұлытау қаласынан – Костанай облысы шекарасына дейін);

– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 64 – 137 шақырым аралығында (Жезді ауылынан Ұлытау кентіне дейін);

Ақмола облысы:

– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, км 377 – 552 (Қостанай облысының шекарасынан – Сұрған ауылына дейін). 

Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 23 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.

Бұған дейін 22 ақпанда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгергенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум