Ауа райының бұзылуына байланысты Абай облысында жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Абай облысында көлік қозғалысын шектеуге қатысты шұғыл ақпарат  жариялады.

3 облыста көлік қозғалысы шектеле
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

14 қараша сағат 00:00-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрі қозғалысына шектеу қойылады:

- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 778-960 шақырым аралығындағы учаскесі (Аягөз қаласы - Жанаөзен ауылы).

Жолды 2025 жылғы 14 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, ШҚО-да боранға байланысты жолдардың бірі көліктің барлық түрі үшін жабылды.

 

Соңғы жаңалықтар