Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Қызылорда облысы:
20 ақпан сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арал қаласынан Қызылорда қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Жолды 21 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Қостанай облысы:
20 ақпан сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8-218 шақырымы аралығындағы учаскесінде (Тобыл қаласы — Октябрьское ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі
20 ақпан сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі
Жолды 21 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Ақтөбе облысы:
- «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526 — 702 шақырым аралығы (Маржанбұлақ ауылы — Батыс Қазақстан облысының шекарасы);
Батыс Қазақстан облысы:
- «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 393 — 526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысының шекарасы).
Жолды 21 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.