11:50, 07 Ақпан 2025 | GMT +5
Ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды облысында жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

- 2025 жылғы 7 ақпан сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырымы аралығындағы (Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, – делінген хабарламада.
Жолды 7 ақпан сағат 19:00-де ашу жоспарланған.
Бүгін күн райы қандай болатынын жазған болатынбыз.