Ауа райының бұзылуына байланысты СҚО-да жол жабылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

Үш облыста жол қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

16 желтоқсанда сағат 19:30-да Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» автожолының 729-768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.

Бұған дейін Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар