Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Маңғыстау облысы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 332-642 шақырым аралығы (Бейнеу ауылы — Шетпе ауылы) және 642-786 шақырым аралығы (Шетпе ауылы — Ақтау қаласы); — «Ақтау-Құрық» автожолының 13-72 шақырым аралығы (Ақтау қаласы — Құрық ауылы).
Сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Ақтөбе облысы бойынша «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қызылорда облысының шекарасы).
Қызылорда облысы бойынша«РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қаласы).
Айта кетелік Ақтау халықаралық әуежайы ауа райына байланысты жұмысын уақытша тоқтаған болатын.