АУА РАЙЫ: 14 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, жел күшеюі сақталады, республиканың солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

АУА РАЙЫ: 14 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, таңертең және күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан, облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.