Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АУА РАЙЫ. 23 тамызда Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикасының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарланды ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми сайтында.

АУА РАЙЫ. 23 тамызда Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болады

Еліміздің оңтүстік шығысы және солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында бұршақ болуы ықтимал, жел күшейеді, оңтүстігінде және батысында шаңды дауыл болады.

Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде және орталығының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, түнде Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз жел 16-21 м/с күшеіп, бұршақ болуы ықтимал.

Күндіз Алматы облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болады. 

Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.