Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АУА РАЙЫ: 29 сәуір күні Қазақстанның батысы мен шығысында жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 сәуір күні Қазақстанның бірқатар аймағында күн ашық болады, тек еліміздің шығысы, оңтүстік-батысы мен орталығында атмосфераның фронтальді бөлімдерінің көшуіне байланысты ауа құбылмалы, кей жерлерде нөсер жаңбыр болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

АУА РАЙЫ: 29 сәуір күні Қазақстанның батысы мен шығысында жаңбыр жауады

Нақтырақ айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жауын жауса, Қарағанды облысының кей тұсында түнде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20м/с дейін жетеді. Қызылорда мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі бар.