АУА РАЙЫ: 9 маусым күні еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, жел күшейеді, шығыста күндіз бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК министрлігінен.

АУА РАЙЫ: 9 маусым күні еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Республиканың солтүстігінің кей жерлерінде тұман күтіледі. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы, қатты ыстық күтіледі.

Ақмола, Қызылорда, Манғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертен кей Солтүстік Қазақстан облысының жерлерінде тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.


Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.