АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрады, кей жерлерде тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батыста фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрады, кей жерлерде тұман түседі

Бұл туралы ҚР ІММ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.