АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, кей жерлерінде жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар аралас жауын жауады; жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады; республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, кей жерлерінде жел күшейеді

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын тұрып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады.

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 17-22 м/с болады.