Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауа райына байланысты Астана маңындағы автобус бағдарларының қозғалысы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана  маңына қатынайтын автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты «Астана LRT» ЖШС-не сілтеме жасап.

 Ауа райына байланысты Астана маңындағы автобус бағдарларының қозғалысы тоқтатылды

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласының маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қоғамдық көлік бағдарларының қозғалысы жаңартылған кезде, халық міндетті түрде ақпараттандырылатын болады», - делінген хабарламада.