Ауа райына байланысты Астана мен 6 облыста жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Астанадан бөлек, 6 облыста жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазақавтожол» РМК сілтеме жасап.
None
None

Хабарламада айтылғандай, қатты аяздан Ақмола облысы, Қостанай облысы, СҚО және Павлодар облысында барлық бағыт бойынша жол жабылды.

Сондай-ақ, Астанада да ауа райының күрт нашарлауына (желдің күшеюі, боран, жолдың көрінбеуі) байланысты барлық көлік құралдары үшін барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу қойылды.

ШҚО ауа температурасының -35 градусқа төмендеуіне байланысты, Павлодар облысында сағат 19:00 бастап «Омбы-Майқапшағай» автожолының (587-634 шақырым Павлодар облысы- Семей қаласы) дизельді және қоғамдық көліктерге арналған бөлігі жабылды.

Қарағанды облысында боран мен көру мүмкіншілігінің шектелуіне байланысты автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. Яғни Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау автожолы (Ақмола облысының 51-102 шақырым аумағы мен Нұра ауылына дейін), «Жезқазған- Петропавл» автожолы (Жезді ауылынан Қостанай облысына дейін 65-252 шақырым). Жүк тасымалдау және қоғамдық көліктер үшін «Қызылорда -Павлодар» автожолы Жезқазғаннан Топар ауылына дейін 424-906 шақырым) және «Екатеринбург-Алматы» автожолы (Қарағанды қаласынан Балқашқа дейін 1492-1858 шақырым).

Соңғы жаңалықтар