Ауа райының қолайсыздығы байланысты елдің бірқатар өңірлерінде күрежолдар жабылды - ҚР ККМ

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ауа райының қолайсыздығы (боран, қатты жел) мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты елдің бірқатар өңірлерінде күре жолдар жабылды.
None
None

Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында түскі сағат 12.00-ден бастапавтокөліктің барлық түрі үшін - «Көкшетау - Рузаевка» автожолының «Рузаевка - Ақмола облысының шекарасы» (Көкшетауға қарай) учаскесі (61-196 км);

«РФ шекарасы (Екатеринбор) - Алматы» автожолының «Қостанай облысының шекарасы (Сарыкөл ауылына қарай) - Ақмола облысының шекарасы (Жақсы ауылына қарай)» учаскесі (729-856 км);

«Жезқазған - Есіл - Петропавл» автожолының «Сергеевка - Ақмола облысының шекарасы (Есіл ауылына қарай)» учаскесі (595-719 км);

«Мамлютка - Қостанай» автожолының «Мамлютка - Қостанай облысының шекарасы (Троебратский ауылына қарай)» учаскесі (0-180км) жабылды.

Қостанай облысында боран мен ұйтқыма желдің салдарынан жолдың нашар көрінуі себепті автожолдарда көлік қатынасы әлі де шектеулі.

Сондай-ақ Ақтөбе облысында автокөліктің барлық түріне «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының «Ембі-Шалқар» учаскесі (91-257 км) бойымен және «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының «Қарабұтақ-Қостанай облысының шекарасы» учаскесімен (0-231 км) қозғалысына шектеу қойылды.

ҚР ККМ, ауа райы жағдайы жақсарғанша алыс сапарларға шығудан бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салып отыруға кеңес берді. Айта кетейік, автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде хабарларды «Қазақавтожол» РМК-ның тәулік бойғы диспетчерлік қызметінен (7172) 44-46-85 білуге болады.

Соңғы жаңалықтар