Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Атыраудың тағы бір ауданында 1-6 сынып аралығында оқитын оқушылар үшін сабақтар болмады

АТЫРАУ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бірнеше күннің ішінде қардың екіжылдық мөлшері түскен Атырау қаласының Қызылқоға ауданында жұма күні 1-6 сынып аралығында оқитын оқушылар үшін сабақ болмады. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Атыраудың тағы бір ауданында 1-6 сынып аралығында оқитын оқушылар үшін сабақтар болмады

Сабақ қардың толассыз жаууымен күшті аяздың және Каспий теңізінен ескен дуылды желдің салдарынан тоқтатылды. Синоптиктердің болжамы бойынша, сенбі күні ауа райының температурасы 33 градусты құрайтын болады.

Айта кетейік, алдыңғы күндері Батыс Қазақстан облысының шекарасымен шектесіп жатқан  Индер ауданында сабақтар тоқтатылған болатын. Кейін қала мен елді мекендерде бастауыш сыныпта оқитын оқушылар үшін сабақ болмады.