Ауа райының қолайсыздығына байланысты ел аймақтарында жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында қар жауып, бұрқасындатудан жолдың нашар көрінуіне байланысты 13 наурыз күні сағат 19.30-дан бастап «Ақтөбе-Ор» тас жолының 75-135 шақырымында барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ел аймақтарында жолдар жабылды

Бұл туралы "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметінен хабарлайды. Ал Қарағанды облысында жолдағы көктайғаққа байланысты 14 наурыз сағат 01.00-ден бастап «Алматы-Екатеринбург» тас жолының Қарағанды-Балқаш жол учаскесінде көлік қозғалысы барлық көлік түрлері үшін шектелді. Сондай-ақ 11 наурыздан бері Алматы облысында боранға және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Үшарал-Достық» тас жолының 83-113 шақырымында жолдар жабық екенін еске саламыз.