09:57, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылған «Защита-Алматы» бағытындағы пойыз қозғалысын жалғастырды - ТЖМ
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысы Шалобай стансысында кешіккен «Защита-Алматы» бағытындағы пойыз бүгін, қаңтардың 12-сі күні таңертен өз қозғалысын Шар стансысына қарай жалғастырды,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
ТЖМ-ның ақпаратына сәйкес, ауа райының нашарлауы себепті қаңтардың 11-і күні сағат 14.40-та №351-ші пойыздың қозғалысы тоқтатылған болатын.
«Шалобай стансысының болат жолдары қардан тазаланғаннан кейін, пойыз қаңтардың 12-сі күні сағат 06.59 минутта Шар стансысына қарай бет алды», - деп атап өтті баспасөз қызметі.