Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауа райының қолайсыздығынан республика жолдарында көлік қатынасы шектелді

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығынан республика жолдарында көлік қатынасы шектелді, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауа райының қолайсыздығынан республика жолдарында көлік қатынасы шектелді

2011 жылғы 17 ақпанда сағат 14.35-тен бастап Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығы (жаңбыр, қатты жел, қар) және жолдың нашар көрінуі салдарынан «Омбы-Майқапшағай» автожолының «Орлытөбе кеден бекеті-Төреңкөл ауылы» (195-305 км) учаскесінде автокөліктің барлық түріне жол жүруге тыйым салынды.

Сонымен қатар сағат 16.00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының жайсыздығынпан жүк және жолаушы көліктерінің жүрісіне облыс көлемінде шектеу қойылды.

Ал Қарағанды облысында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының «Қарағанды-Ботақара ауылы» (17-60 км), «Қызылорда-Павлодар» автожолының «Атасу-Қарағанды» (749-946 км), «Қызылорда-Павлодар» автожолының «Жезқазған-Атасу» (433-749 км), «РФ шекарасы (Екатеринбор)-Алматы» автожолының «Қарағанды-Балқаш» (1492-1854 км) учаскесінде жол әлі де жабық:

««Қызылорда-Павлодар» автожолының «Қарағанды-Молодежное ауылы» учаскесінде (970-1066 км) көлік қатынасы тоқтатылып, «РФ шекарасы (Екатеринбор)-Алматы» автожолының «Осакаровка ауылы-Қарағанды» учаскесінде жүк және жолаушы көліктерінің жүрісіне шектеу қойылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.