Ауа сапасы стандартының жаңа жүйесін енгізу қажет - ЕО сарапшысы

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанға ауа сапасы стандартының жаңа жүйесін енгізу қажет. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасында экологиялық саясаттың құралдарын енгізу» атты жобасының таныстырлымы барысында жобаның бас сарапшысы Болат Есекин осылай мәлім етті,

Ауа сапасы стандартының жаңа жүйесін енгізу қажет - ЕО сарапшысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атмосфераны экологиялық қорғау саласы бойынша негізгі проблемалардың бірі - рұқсат етілген шекті концентрациясы мөлшерінің ескіргеніне қатысты болып отыр. Мәселен, суға қатысты мөлшері 300 рұқсат етілген концентрацияны құрайды, әрі бұлардың арасында аса қауіптілер де қамтылып кетеді. Ал кейбір қауіпті бөлшектер Қазақстанда бүгінгі күні қадағалаусыз күйінде тұр», деді Б. Есекин.

Осыған орай, ЕО жобасының сарапшылары рұқсат етілген шекті концентрация бойынша жаңа жүйеге көшуді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген деңгейге өтуді ұсынады.

Бұдан бөлек, сарапшылар тарапынан шығарындылар нормаларын қолжетімді технологиялар негізінде реттеуді, шығарынды үшін төлем мөлшерін арттыруды, энергия тұтыну нормаларын қайта қарастыруды ұсынады. Бұдан бөлек, сарапшылар Қазақстанда жанар-жағармай отыны сапасына қатысты стандарттарды қайта қару және оның сапасын бақылау туралы мәселе көтеріп отыр.