Аудан әкімі мен ішкі саясат бөлімінің бастығы қылмыстық жауапқа тартылды ? ІІМ

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі елімізде, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топтарды жою жөніндегі мақсатты жұмыстар атқаруда,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция комитетінен. Қылмыстық істі тексеру аясында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы Туризм және спорт жөніндегі басқарма бастығының денсаулығына зақым келтірді деген күдікпен Ұлан ауданының әкімі М.Мұзапаров пен әкімдіктің Ішкі саясат бөлімінің бастығы С.Балтабаев қамауға алынып, Өскемен Ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау абақтысына жабылды. Облыста және республиканың өзге өңірлерінде әрекет етуші басқа да ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелерін қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар