Аудан әкімінің орынбасары пара алу үстінде ұсталды ? Қостанай облысы

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті қызметкерлерінің жүргізген арнайы іс-шараларының барысында аудан әкімдері бірінің орынбасары ұсталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шенеунік 60 мың теңге мөлшерінде параның бір бөлігін алу кезінде қылмыс үстінде ұсталған.ҰҚК облыстық департаменті баспасөз қызметінің өкілі Марат Тарахтиевтің ақпараты бойынша, ұсталған адам кәсіпкерден 200 мың теңге бопсалады деген айып тағылған.ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлімінің 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні тұтқындау туралы мәселе шешілуде.
Соңғы жаңалықтар