Аудандық аурухананың хирургіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ? Жамбыл облысы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Кезекті дау Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласында орын алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мерке ауданының тергеушілері аудандық аурухананың 37 жасар хирургіне қатысты ҚР ҚК 4-ші бөлімінің 114-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.Мерке аудандық ІІБ бастығының орынбасары, полиция майоры Қонай Қойшымановтың сөзіне қарағанда, көкірегінен пышақ жарақатын алған 18 жасар азаматты қараған дәрігер өз міндетіне салақ қарап, зардап шегушіге жеңіл жарақат деп диагноз қойған. Мұны, полицейлер ұсынған ресми құжат растап отыр.
Кәсіби медициналық көмек көрсетілмегендіктен, сырқаттың хәлі ауырлай түсіп, ағзаға қан кетуі салдарынан зардап шегуші көз жұмды.Жыл басынан бергі үш ай ішінде медицина қызметкерлерінің салдыр-салақ әрекетіне қатысты үш арыз түскен. Барлық фактілер бойынша сараптау шаралары тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.