Аудиторлық палата талаптарын орындамаған 18 шенеунік жазаға тартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін 18 жауапты лауазымды адам және 4 мемлекеттік орган әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

Аудиторлық палата талаптарын орындамаған 18 шенеунік пен 4 әкімшілік жазаға тартылды
Фото: ЖАП

— Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы — жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша нақты бұзушылықтар немесе кемшіліктер анықталған жағдайда берілетін ресми мемлекеттік құжат. 

Құжатта нені түзету керек, кім жауапты және қандай мерзімде шара қабылдау керек екені нақты көрсетіледі. Бұл — ықпалды механизм. Ол жіберілген кемшіліктер үшін жазалауға ғана емес, тәртіпті қалпына келтіруге және республика деңгейіндегі маңызды салаларда қайталанатын бұзушылықтардың алдын алуға арналған. Берілген нұсқамалардың барлық тармағы Жоғары аудиторлық палата мамандарының тұрақты бақылауында, — делінген хабарламада.

Мәселен, 1 қазандағы жағдай бойынша Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін:

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары; 

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары;

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары;

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м. а. әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ «Семей» ӘКК» АҚ-ның жауапты қызметкерлері, бірқатар облыстың басқарма басшылары, бірқатар қаланың бөлім меңгерушілері, жекелеген министрліктердің департамент директорларына және т. б. әкімшілік жаза қолданылды. Сонымен қатар 4 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды.

— Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті, Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, Қызылорда облысы әкімінің аппараты. Аталған кезеңде Жоғары аудиторлық палата нұсқамаларының 4 тармағын орындамауға байланысты Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әкімдіктеріне қатысты сотқа талап қою бастамасы көтерілді. Мәселелер қаралу сатысында, — делінген Жоғары аудиторлық палата хабарламасында. 

Айта кетелік мемлекеттік аудиттен кейін спорт саласында бақылау мен есепке алу күшейтілетіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар