Әуе экипажының капитаны шетелге ірі сомада валюта алып өтпек болған

ШЫМКЕНТ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының кеденшілері ресімделмеген валютаның үлкен сомасын шетелге алып өтпек болған капитанды ұстады.
None
None
ҚазАқпаратқа бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. Шымкент әуежайында «Шымкент-Ыстамбұл» әуе рейсімен ұшқалы тұрған жолаушыларды кедендік тексеру кезінде ұшақ экипажының командирі ұсталды. Кедендік бақылаудан өту кезінде ол өзімен бірге Түркияға 2 900 АҚШ долларын алып бара жатқанын көрсеткен. Әдетте бұл көлемдегі ақшаға декларация толтырылмайды. Бірақ кеден қызметкерлері куәгерлердің көз алдында жүргізген тексеру амалдары барысында ұшқыштың шабаданының ішінен 100 мың 750 доллар табылған. Командирдің айтуынша, бұл ақшаны оған «Дета» компаниясының өкілі ұшаққа Түркияда көрсетілетін техникалық қызмет пен құйылатын отын үшін төлеуге берген көрінеді. Бірақ капитан ол соманы неліктен кедендік декларацияда көрсетпегенін түсіндіре алмады. Валюта тәркіленіп, экипаж командирінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 209-шы бабы 1-ші тармағы бойынша (экономикалық контрабанда) қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар