Әуе компаниялары қандай жағдайда мүгедектігі бар жандарға жеңілдік ұсынады
АСТАНА. KAZINFORM – Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев әуе компаниялары мүгедектігі бар адамдарға қандай жағдайда жеңілдік ұсынатынын айтты.
- Авиация саласында әуежайлардың қолжетімділік деңгейі көтеріліп жатыр. Олар негізгі элементтермен қамтамасыз етілген. 10 әуежайда мүгедектерге қызмет көрсету үшін 13 амбулифт бар, - деді ол Үкімет отырысында.
Министр биыл Шымкент, Семей, Ақтау, Орал, Талдықорған, Жезқазған қалаларындағы әуежайларда да амбулифт орнатылатынын айтты.
- Әуекомпаниялар ерікті негізде корпоративтік бағдарламалар бойынша авиабилеттерге жеңілдіктер береді, - деді Нұрлан Сауранбаев.
Сондай-ақ, бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жеке компанияларды мұқтаж адамдарды қолдауға шақырды.