Әуежай – Нұрлы жол бағыты: LRT пойыздары 80 км/сағ көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM — LRT жылжымалы құрамдары сынақтық пайдалану кезінде 80 км/сағ ең жоғары жылдамдыққа жетті.

Әуежай – Нұрлы жол бағыты: LRT пойыздары 80 км/сағ көрсетті
Фото: видеодан алынған скрин

LRT желісін сынақтық пайдалану аясында «Әуежай» стансасынан «Нұрлы жол» стансасына дейінгі учаскеде жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның жоспарлы сынағы жүргізіліп жатыр.

Сынақ барысында пойыздар жобалық 80 км/сағ жылдамдыққа жетті.

Жүргізілген сынақ қозғалысты басқару, байланыс және дабыл жүйелерінің белгіленген режимде дұрыс жұмыс істейтінін растады.

Айта кетелік Астана LRT-ның жолақысы қанша болатыны белгілі болған еді