21:16, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Ауған соғысының ардагерлері жолаушылар көлігінде тегін жүретін болды ? ОҚО
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Ауғанстан соғысының ардагерлері үшін жолаушылар көлігінде тегін жүретін болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оңтүстік Қазақстан облысының барлық автовокзалдары мен тасымалдаушы-компаниялары интернационалист-жауынгерлерге Ауғанстаннан кеңестік әскердің шығарылуының 20 жылдығына осындай тарту жасады. Олардың басшылары әкімдікпен тиісті шартқа қол қойды. «Облыс әкімі Нұрғали Әшімовтың бұл бастамасы кәсіпкерлер тарапынан қолдау тапты. Бұл жағдай жерлестерінің ерлігіне деген шынайы құрметін білдіреді», ? деді ОҚО көлік тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Болат Әлиев. Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстанда екі мыңнан астам интернационалист-жауынгерлер тұрады. Ендігі жерде олардың барлығы да облыстың ішкі елді мекендеріндегі бағыттарда тегін жүру құқығына ие болып отыр.