Ауған соғысының мүгедектері мен соғыста қаза тапқандар отбасыларына ақшалай көмектер берілді
АНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада Ауған соғысының бірінші және екінші топтағы мүгедектері мен сол майданда қаза тапқандар отбасыларына арналған қамқорлық шарасы өтті.
Акция барысында Астана қаласы «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұратбек Әміржанов Ауған соғысының мүгедектеріне және соғыста қаза тапқан жауынгерлердің аналарына ақшалай көмектер берді.
М. Әміржановтың айтуынша, Астанада ұлдарын Ауған соғысында жоғалтқан осындай 12 ана бар.
«Бұл акция Қазақстан Республикасының 20 жылдығы мерейтойына арналып отыр. Бүгінгі таңда елордада 1 мыңнан астам ардагер тұрады», - деп атап көрсетті ол.
Ауған соғысына Қазақстаннан 22 мыңнан астам сарбаз қатысып, 924 боздақ туған жеріне темір табытпен оралған болатын. Ал 21-і жоғалып кеткен.