Ауған жерінде Отан алдындағы борыштарын батысқазақстандықтар да адал өтеді

ОРАЛ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ертең Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 20 жыл толады. Он жылға жетпейтін уақыт ішінде осы соғысқа 22 мыңнан астам қазақстандық қатысса,
None
None
соның 761-і қаза тапты, 21-і із-түзсіз жоғалды. Ауған жерінде Отан алдындағы борыштарын батысқазақстандықтар да адал өтеді. Соның ішінде жиырма жетісі қыршынынан қиылса, біреуі хабарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атап айтқанда, 1980 жылы ? Сергей Алексеев, Николай Антипов, Алексей Вербицкий, Андрей Емельянов, Леонид Куриленко, Жаңабай Сейтекенов, Нығметолла Тілеулин, Дидар Хамитов, Владимир Храмов, 1981 жылы ? Григорий Величко, Аманжол Ғұсманов, Тагир Замалютдинов, Александр Лукин, Владимир Сорокин, Олег Чегуров, 1982 жылы ? Уәлихан Базарбаев, Сәрсенғали Берекетов, Сергей Изотов, Анатолий Кочкин, Тілекқабыл Суханқұлов, 1983 жылы ? Владимир Карпов, Юрий Савенков, Владимир Чернухин, 1984 жылы ? Зүлзала Жиенәлиев, 1985 жылы ? Валентин Береговой, Марат Тасболатов, 1986 жылы Ринат Чикибаев ел үшін жанын қиды. Жыл сайын олардың есімдерін жерлестері еске алып, түрлі шаралар ұйымдастырады. Биыл Орал қаласынан майданға аттанып, қаза тапқан ауғандық жауынгерлерге олар оқыған мектептерде ескерткіш тақталары орнатылды. Ауған соғысына қатысқан батысқазақстандықтар Фарит Шагалаев пен Қайырболат (Николай) Майдановқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Кейін Шешенстан шайқасына қатысып, қаза тапқан ұшқыш Қ.Майданов оған қоса Ресей батыры атанды.
Соңғы жаңалықтар