Ауғанстан: Қонақүйдегі шабуылға арнайы қызметтер қатысты болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан билігінің мәлімдеуінше, жақында Кабулдағы қонақүйге жасалған шабуылдың артында халықаралық арнайы қызметтер тұр. Естеріңізге сала кетейік, осы оқиға салдарынан 9 адам қаза болды.
None
None

ВВС-дің жазуынша, осы мәлімдемеде шабуылға пәкістандық ведомствоаралық барлау қызметінің қатыстылығын білдіреді.

Ауғанстан қауіпсіздік кеңесінің хабарламасына қарағанда, Кабулдағы осы қантөгістің алдында пәкістандық дипломат қонақүй дәліздерін фотосуретке түсіріп жатқаны байқалған.

Жұма күні төрт жасөспірім қонақүйдегі мейрамханаға келген адамдарға оқ атып, тоғыз адамды өлтірген еді. Олардың ішінде Франс пресс тілшісі мен оның зайыбы және екі баласы мерт болды. Осы оқиға барысында шабуыл жасағандар да оққа ұшты.

Кабулдың осы мәлімдемесіне Пәкістан тарапы әзірге түсніктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар