Ауғанстан Президентінің інісіне қастандық жасалды

МӘСКЕУ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат – Қандағар аймағы әкімшілігіне жетекшілік ететін, Ауғанстан Президентінің інісі Ахмад Уәли Карзайға өткен жұма күні Кабул маңындағы Жалалабад-Кабул тас жолы бойында оның көлігіне оқ атылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
None
None
Полицияның мәліметі бойынша, оқиға Кабулдың шет аймағындағы Соруби уезінде орын алған. Шенеунік мініп келе жатқан кортежге граната ататын қарулар мен пулеметтерден оқ жаудырылған, соның салдарынан күзетшілердің бірі ауыр жарақат алып, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.Оқыс оқиға саналған шабуылды үкіметке қарсы топтардың ешқайсысы да әзірге мойнына алып отырған жоқ.
Соңғы жаңалықтар