Ауғанстанда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісінде 18 шілде күні 20 сағат 38 минут 30 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 775 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.0. MPV магнитудасы – 5.0. Жер сілкінісі ошағының бағыты - 39.58° с.е. 75.39° ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.





Фото: cnbcfm.com


Соңғы жаңалықтар