Ауғанстанда екі жол-көлік оқиғасында 52 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Ауғанстанның Газни провинциясында екі жол апатынан 52 адам қаза тапты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға 18 желтоқсанға қараған түні Шахбоз және Нани аудандарында болған, деп жазады UzA агенттігі.

Газни провинциясындағы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апатта да қаза тапқандардан басқа тағы 76 адам зардап шеккен.
Бұл ретте елдің уақытша үкіметінің өкілі Забихулла Муджахид марқұмның туыстарына көңіл айтып, тиісті мекемелерге апаттың себептерін тез арада анықтауды тапсырды.
Айта кетейік, бұған дейін Ауғанстандағы «Талибан» уақытша үкіметінің босқындар ісі жөніндегі министрі Халил ур-Рахман Хаккани Кабулдағы мешіт алдында болған лаңкестік әрекетте қаза тапқаны туралы жазған едік.
ДАИШ Ауғанстан министріне жасалған шабуылды өз мойнына алды.