Ауғанстанда қар көшкіні 28 адамның өмірін қиды
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Ауғанстанда қар көшкіні салдарынан кемінде 28 адам мерт болды, тағы 70 адам жарақат алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, кеше елдің астанасы - Кабул мен Мазари-Шариф қалаларының арасын қосатын Саланг таулы трассасында қалың жауған қардан кейін қар көшкіні тіркелді.
Қазіргі уақытта мың жарым адам таулы жолдарда өз автомобильдерімен қоршауда қалып отыр.