Ауғанстанда қарулы содырдың көзін жоюға бағытталған операция жүргізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның шығысындағы полиция учаскесіне тәліптердің шабуылы салдарынан қаза тапқандардың саны 8 адамға жетті. Сонымен қатар 16 адам жарақат алды. Бұл туралы аталған елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап шетелдік БАҚ хабарлауда.
None
None

«Талибан лаңкестік тобының 6 мүшесі жергілікті уақыт бойынша сағат 05:30-да Джелалабад қаласындағы полиция учаскесіне шабуыл жасады. Полиция 5 лаңкестің көзін жойды. Соңғы содырдың көзін жоюға бағытталған операция жүргізілуде», - делінген таратылған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар