Ауғанстанда медреседе жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғандық Парван провинциясындағы медреседе қуатты жарылыс болды. Он адам қаза тапты. Бұл туралы Tolonews телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Ауғанстанда медреседе жарылыс болды

Арна деректеріне сәйкес жергілікті дін мамандары кеңесінің жетекшісі мен 8 қатысушы қайтыс болды. Жарылғыш зат сабақ жүріп жатқан кезде іске қосылған. Жараланғандар жайлы дерек жоқ.

Шабуылды ешбір лаңкестік топ мойнына алған жоқ.