Ауғанстанда содырлар сегіз полицейді өлтірді

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Исламдық содырлардың шабуылы салдарынан дүйсенбі күні таңертең сегіз полицей мерт болды,

Ауғанстанда содырлар сегіз полицейді өлтірді

деп хабарлайды ҚазАқпарат АFР сайтына сілтеме жасап.

Бағлан провинциясының губернаторы Акбар Баракзайдың (Akbar Barakzai) хабарлауынша, қарақшылар жергілікті уақыт бойынша түнгі екіде аймақты Кабулмен біріктіретін жолда орналасқан бекетке шабуыл жасаған.

Полицейлердің негізгі міндеті АҚШ-тың және оның одақтастарының әскерлерін жабдықтайтын НАТО айдауылдарын күзету болған.