Ауғанстанда су тасқыны салдарынан 30 адам опат болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауғанстанның шығысындағы Чарикар қаласында (Парван провинциясының әкімшілік орталығы) толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат France-Presse агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ауғанстанда су тасқыны салдарынан 30 адам опат болды

Өз кезегінде, TOLOnews телеарнасы провинцияда болған дүлей апаттан 25 адам қаза тауып, 60 адам зардап шеккенін хабарлады. Оның мәліметінше, қаза тапқандардың көбі – әйелдер мен балалар.