Ауғанстанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. Мамырдың 17-і. ҚазАқпарат - Ауғандық Pamir Airways тасымалдаушының бортында 38 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған жолаушылар ұшағы Ауғанстан тауларында апатқа ұшырады.
Бұл туралы РБК хабарлады.
«Мен ұшақтың Саланг таулы асуларында ауданында жарылғанын растай аламын», - деп хабарлады Reuters агенттігіне ауғандық Ішкі істер министрінің ресми өкілі Земараи Башари.
Бұдан бұрын Pamir Airways әуекомпаниясының ұшағы Ауғанстан аймағында жоғалды деп хабарланған. Экипажбен байланыс Саланг асулары ауданында үзілген (елдің солтүстік және орталық аймақтарын жалғастырады).
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Afriqiyah Airways компаниясының Airbus A330-200 ұшағы халықаралық Триполи әуежайына қонарда апатқа ұшыраған.
Осы қайғылы әуе апатында сегіз жасар бала тірі қалған. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Pamir Airways әуежайының негізі 1995 жылы қаланған.